Skip to content Skip to sidebar Skip to footer

КТК: Қазақстан жаңалықтары 26.11.2024

Жүргізуші: Ерланби Даулетияр (Instagram: @yerlanbi_dauletyar)

АВТОБУСҚА СОҒЫЛДЫ
Алматыда тепловоз бен автобус соқтығысып, 6 адам зардап шекті. Қоғамдық көлік жолаушылары жүргізуші локомативке жол бермегенін айтуда.

ТҮНДЕГІ ДҮМПУ
Жетісу өңіріндегі 4 баллдық зілзаладан кейін стратегиялық нысандар тексерілді. Сейсмологтар болса, жер сілкісінің жиілеуіне қатысты болжамдарын айтты.

УАҚЫТ ЖОҚ
Бірыңғай уақытқа қатысты халық пікірін білу үшін ұйымдастырылған онлайн сауалнама қайда? Зерттеу қорытындысын білмек болғандарды екі министрлік бір-біріне сілтеді.

МЕНИНГИТ МЕҢДЕДІ
Әр 4-6 жыл сайын оянатын “менингит” ауруына шалдыққан балалар көбейді. Қарағандылық бір жеткіншек жансақтау бөлімінде жатыр.

#ктк #жаңалықтар #кткжаңалықтары

Leave a comment

0.0/5

Subscribe for the updates!